Mazir
23 авг 12:06korilim:1 770 Sayasat / korshi elderde

«Неге үндемей отырсың?»: Лукашенко Путинге алғысын білдірді



Беларусь Президенті Александр Лукашенко соңғы сайлаудан кейін неге көпшілікке көрінбей кеткенін түсіндірді.

«Шынымды айтсам, мен мұндай болатынын білдім. Мен осы бір кезеңдегі қақтығыстардан қорықтым. Олар (оппозиция - ред.) бұған дайындалды. Мен адамдар зардап шегеді деп қорықтым. Сондықтан, біз біраз кідірдік, мүмкін оны аздап артық кеткен шығармыз», - деді Лукашенко.

Сонымен бірге, Лукашенко өзінің ресейлік әріптесі Владимир Путин одан неге өз елінің азаматтарымен ұзақ уақыт байланыспағанын сұрағанын айтты. «Мен досым Путинге рахмет айтуым керек, ол: Тыңда, неге үндемей отырсың? - деді. Мен:«Жақында естисіз дедім», - деді ол.

«Мен губернаторлардан, атқарушы комитеттердің төрағаларынан сұраймын: егер біреу жұмыс істегісі келмесе, оларды мәжбүрлемеңіздер. Біз оларды бәрібір көндіре алмаймыз. Ел аман қалады. Бірақ егер кәсіпорындар жұмыс істемесе, біз дүйсенбіден бастап қақпасына құлып саламыз, тоқтатамыз. Дүйсенбіден бастап», - деді Лукашенко.

Сонымен қатар ол полицейлер «қателік жіберген болса» кешіруге және «ұрмауға» шақырды. «Көшеде бандитизм басталса не істейсіз? Кімге қоңырау шаласыз? 01, 02, 03 немесе 101, 102, 103 - біз бұл номерлерді бала кезімізден білеміз. Бұл сіздердің адамдарыңыз», - деді Лукашенко.






Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: