Қырғызстанның өзін-өзі тағайындаған ішкі істер министрі Курсан Асанов президент Сооронбай Жээнбековтің қазір қайда екенін білмейді.
"Шынымды айтсам, мен қазір Бішкекте жағдайды ретке келтіру мәселесімен айналысып жатырмын. Көріп отырғаныңыздай, кешеден бастап біз ерікті халық жасақтарымен бірге қаладағы жағдайды бақылауға алып, тонаудың алдын алдық. Біз сол бойынша жұмыс жасай береміз. Жээнбековты басқалары іздейді деп сенемін", - деді ол бүгін Бішкекте өткен брифингте.
Басу