Mazir
19 окт 14:38korilim:963 Sayasat / korshi elderde

Мәскеуде коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация басталады


Мәскеу мэрі Сергей Собянин қалада коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация желтоқсан-қаңтар айларында басталатынын айтты.

Ресей астанасы коронавирустық вакцинаның алғашқы ірі партияларын қараша айында алады. Осыдан кейін халықты жаппай вакцинациялау желтоқсан-қаңтарда басталады.

Жалпы, пандемия басталғаннан бері жер бетінде  39,1 миллионнан астам науқас тіркеліп, 29 миллионнан астам адам сауығып, миллионнан астамы қайтыс болды.

Ресейде COVID-19 жұқтырған 1,3 миллион адам анықталды. Ресей Федерациясы COVID-19 вакцинасын тіркеген әлемдегі бірінші ел болды. Препаратты Гамалея атындағы NITsEM Ресейдің тікелей инвестициялар қорымен бірлесіп жасаған. Ол «Sputnik V» деп аталды.

15 қазанда Ресей президенті Владимир Путин COVID-19-ға қарсы екінші вакцинаны тіркеу туралы айтты, ол «EpiVacCorona» деп аталды. Оны Новосибирскінің «Вектор» орталығы жасаған.
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: