Mazir
26 окт 09:33korilim:496 Sayasat / korshi elderde

Беларусь: «Халықтық ультиматумның» талаптары қандай


Минскіде қауіпсіздік күштері бейбіт демонстранттарға қарсы резеңке оқтарды қолданды. 

Ішкі істер министрлігі арнайы техника наразылық білдірушілер тәртіп сақшыларына шабуыл жасамақ болғаннан кейін қолданылғанын айтты, бірақ бұл ақпаратты оқиға болған жерден түсірілген видео кадрлар теріске шығарады.

Наразылық білдірушілер Минскіде, Гродно қалаларында ұсталды. Кешке құқық қорғаушылар наразылық акциясы кезінде ұсталған 117 адамның аты-жөнін анықтады.  Минскіде 30-ға жуық адам, қалғандары - Брест, Витебск, Гомель, Гродно, Могилев, Бобруйск, Борисов, Жабинка, Жодино, Лида, Ляховичи, Новополоцк, Пинск, Речицада қалаларының тұрғындары. 

Бұл 9 тамыздағы президенттік сайлаудан кейінгі наразылық білдірушілердің он бірінші шеруі болды. Журналистердің бағалауы бойынша, бұл соңғы бір жарым айдағы ең шулы шерулердің бірі болған. 

Шеру экс-президенттікке үміткер Светлана Тихановскаяның 13 қазанда Беларуссия билігіне ұсынған ультиматумына байланысты «Халықтық ультиматум» деп аталды.  Негізгі талаптар - Александр Лукашенконың отставкасы, зорлық-зомбылықты тоқтату және саяси тұтқындарды босату.  Егер бұл талаптар 25 қазанға дейін орындалмаса, бүкіл ел «Халық Ультиматумымен» бейбіт түрде көшеге шығады.
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз:
Janalyqtar toptamasy
Нурикамал Сейітжанова қайтыс болды23:08Найзағай, шаңды дауыл: Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды17:48Мемлекет басшысы Мәулен Әшімбаевты қабылдады15:33Мәжіліс ЕАЭО туралы Шарт аясында жаңа ратификациялық заң жобаларын мақұлдады12:39«Қазақ тілін үйретудің заманауи әдіснамасы»11:32Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды10:35Қазақстанда әкімдер сайлауын өткізуге 17 миллиардтан астам қаражат жұмсалады17:05Вакцина салдырғандар үшін карантин шектеулері жеңілдетілді16:36UFC-де тағы бір қазақ жекпе-жек өткізеді14:33Қазақстан мұнайшыларының 90%-ы вакцинадан бас тартты13:48Бибігүл Төлегенова министрдің отставкасы туралы: «Бізді лас ойынға араластырып, мазақ етті!»12:02«Коронавирус, кет, кет, кет»: Шымкенттегі тойда ұсталған Марат Омаровтың басы дауға қалды11:48Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады10:33LRT-ні бұзып тастағаны рас па?17:41КХДР жаңа ядролық сүңгуір қайық жасап шығарды16:07