Mazir
15 янв 15:16korilim:584 Sayasat / korshi elderde

БАҚ: Трамптың ұлы тергеуге шақырылды


Колумбия округі бас прокуратурасының офисі АҚШ президенті Дональд Трамптың ұлын жауап алуға күтіп отыр. Бас прокуратураның хабарламасында инаугурациялық комитеттің ақшасы Трамптың ұлының қонақүй бизнесіне жұмсалғаны жазылған. Бұл туралы 2020 жылдың қаңтарында шағым түскен, - деп хабарлайды РИА Новости.

Washington Post мәліметінше, прокурорлардың айтуынша инаугурациялық комитет Колумбия округіндегі қонақүйдің бал өткізетін залын жалға алу үшін миллион доллар жұмсаған. Басылымның материалында инаугурациялық комитет салықтан босатылған коммерциялық емес ұйым екені аталған. Ал қонақүйдегі бөлмелерді кіші-Трамптың айналасындағы адамдар жалдаған.

Президенттің ұлы мен Trump Organization инаугурация үшін бөлінген ақшаның көрсеткештерін беру туралы Washington Post-тың сауалына жауап бермеген. Прокуратураға түскен шағымда Трамптың компаниясына инаугурациялық комитеттен алған ақшаны қайтару талап етіліп отыр. Содан кейін ол қаржы қайырымдылыққа жұмсалатыны жазылған.

Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз:
Janalyqtar toptamasy
Дәурен Кеңбейіл қаржы вице-министрі болып тағайындалды18:33Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек жібереді16:39Тоқаев: Қырғызстан – біз үшін тату көрші әрі сенімді серіктес15:35Қырғызстан президенті Тоқаевпен кездесуде қазақ ақынының поэмасынан үзінді оқыды13:50Латынграфикалы ұлттық әліпбиді пернетақтаға орналастырудың ғылыми-практикалық негіздері13:08Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар12:55Нығматулин: Квазимемлекеттік сектордың сатып алулары отандық өндірушілерге бағытталуы тиіс12:20Садыр Жапаров Нұр-Сұлтанға келді11:04Мамин: Агроөнеркәсіптік кешеннің даму әлеуеті өте жоғары10:07ДДСҰ коронавирусқа қатысты маңызды мәлімдеме жасады09:31Қазақстан халқы Ассамблеясы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған жиын өткізді17:20Ереван: Пашинянның қарсыластары үкімет ғимаратына басып кірді15:40ҚР ДСМ: Дәрігерлердің жалақысы 2,5 есе өседі14:42Нұр-Сұлтанда мұғалімдер мен полиция қызметкерлерін вакцинациялау басталды12:41Цой: Қазақстанда биоқауіпсіздік туралы заң әзірленеді11:46