Mazir
26 фев 10:35korilim:853 Sayasat / korshi elderde

Арменияда саяси жағдай шиеленісті


Елдегі Қарулы күштер премьер-министр Никол Пашинянның қызметтен кетуін талап етіп отыр. Пашинян: «әскерилер төңкеріс жасағалы отыр» деп, Басштаб басшысы Оника Гаспарянды қызметінен босатты. Бірақ президент қолбасшының отставкасы туралы құжатқа әлі қол қойған жоқ. 

Соның салдарынан халық екіге бөлінді. Бір бөлігі Пашинянмен Республика алаңына шықса, қалғандары оппозицияға қосылып, Бостандық алаңына жиналды. Елдегі жағдайдың ушығуына байланысты парламенттің кезектен тыс отырысы өтуі тиіс еді. Бірақ оппозиционерлер ғимаратқа кіретін жолды бөгеді. Олар шатырлар тігіп, бұл жерде Пашинян отставкаға кеткенге дейін қалатынын мәлімдеді. 

Оппозиция өкілдері депутаттарды Премьерге импичмент жариялауды қарастырса ғана парламент ғимаратына кіргізетінін айттты. Сонымен бірге елдегі жағдайды талқылау үшін президентке өкілдерін жібермек. Пашинян болса, оппозицияны мәселені келіссөзбен шешуге шақырды. 

«Бас штаб басшысынан бастап корпус командирлеріне дейін Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етті. Үкімет басшысы мұны әскери төңкеріс деуі сондықтан. Дегенмен, оның бұл әрекеті еш қисынға келмейді. Себебі Пашинянның қызметтен кетуін халық, дін басылары әскерилер талап етіп отыр. Ал ол болса, тақтан кеткісі жоқ. Бірақ ол биліктен айырылып жатқанын түсініп отыр. Енді оны заңды түрде бекіту ғана қалды», - деді «Гүлденген Армения» партиясының хатшысы Арман Абовян.


Басу
order benemid 500 mg - etodolac usa carbamazepine without prescription

celecoxib 100mg tablet - urispas generic order indomethacin 75mg without prescription

colospa generic - mebeverine order cilostazol 100 mg without prescription

cheap rumalaya for sale - rumalaya sale order endep 50mg for sale

buy accutane 40mg online - dexona brand zyvox 600 mg without prescription

buy amoxil - generic diovan 80mg ipratropium usa

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: