Mazir
31 май 17:56korilim:1 356 Sayasat / Qazaqstan

ҰЛТТЫ АТУ






Біз өткен ғасырдың 20-, 30-жылдары ҰЛТ ретінде АТУ жазасына үкім етіліп, жартылай жойылған қауымбыз.

"Ұлтты ату" ("Выстрел нации») – дәл осындай атаумен Мәскеуде кітап шыққан. Ол туралы әңгімені бүгін Жаңалықтағы қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған жиналыста естідік.
Алматыдан отыз шақты шақырым жерде – Жаңалық деген ауылда, қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш және мұражай бар. 31 мамыр, қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған шаралар, үш күннен бері осы мекен-жайда өтіп жатыр.
"ҰЛТТЫ АТУ" туралы әңгімені бүгін сол Жаңалықтағы мұражайдың басшысы, баспагер Ғарифолла Әнес әңгімеледі. Жалпы, XX ғасырдың 20–30 жж. қазақ ұлтын ату, жою туралы үлкен қозғалыс жүргені – мыңдап, он мыңдап квота белгілеп, құпия қаулы шығарып тұрып, қан құстырып, атып отырғаны көпке аян.
Мәскеуліктер кітаптың атын осылай атаса ол шындық.
Жаңалықта 29 мамырда басталған шара қуғын-сүргін құрбандарының ескерткішіне тәу етуден басталып, жүздеген мүрделерді қазып алып, көк желкесін оқ тескен сүйектерді қайта жерлеуден басталған.
Ары қарай шет елдерден және басқа облыстарымыздан келген ғалымдар мен қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары қатысқан конференцияға, облыс әкімінің қатысуымен ауқымды жиын өткізуге жалғасқан.
Кешегі (30 мамыр) жиналыста ғалым алаш қозғалысын және 30 жылдардағы аштықты зерттеген Талас Омарбеков, Бейбіт Қойшыбаев, Ғарифолла Әнес бастаған топ ҰЛТТЫ қырғынға ұшырату, ҰЛТТЫ АТУ саясатының империялық деңгейде қалай ұйымдастырылғанын жан-жақты баяндаумен болды.
Жиналысқа әйгілі Мұхаммеджан Тынышбаевтың 89 жастағы ұлы Дәулет Мұхаммеджанұлы да қатысып отырды.
Ғарифолла Әнес: "Жаңалыққа келіп, ата-бабаларын, қазаққа келген нәубетті еске алып, шараға қатысатын қауымның саны жыл сайын азайып бара жатқанын айтты".
Қуғын-сүргін құрбандары қауымдастығының төрағасы Жұмабек Ашуұлы: "Жалпы бүгінгі күнде қуғын-сүргінді ұйымдастырған, және оны іске асырған мекемелердің, ғимараттардың, тарихи орындардың мақсатты түрде жойылып, жұрт жадысынан өшіріліп жатқаны туралы ашумен әңгімеледі. Мұны жоюға XX ғасырдың басындағы қызыл империяның қырғынын жасыруға, оның ізін өшіруге, ұрпақ жадысынан сөндіруге кім мүдделі болып отырғаны туралы да ашына сөз қозғады".
Ал, Талдықорған қаласынан келген, полиция полковнигі Жанар Асылкенқызы ұйымдастырған көрме мұражай экспонаттарын өзінше толықтырды.
Қазақ ату жазасына кесіліп, ұлт ретінде жартылай жойылған xалық.
Ал 31 мамыр екінің бірін – елдің жартысын еске алатын күн. Ұлттың ұлы перзенттерін қайғыра отырып сағынатын күн. Ұлтты ұйытатын күн.
"Байрағыңды" тік ұста!
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз:
Janalyqtar toptamasy
Тоқаев: Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етті11:30Коронавирустан жазылғандар саны 200 мыңнан асты10:00Қостанай облысында ерлі-зайыпты зейнеткерлер өлі табылды18:39Мамин Chevron басшылығымен кездесті16:34Ескі кірме сөздерді латынграфикалы қазақ әліпбиімен жазу жайында16:00Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілінің емле ережелері – мамандар талқылауынан өткен нұсқа15:30Алтынбек Нухұлы төлқұжатты Наурыз мерекесінде табыстауды ұсынды14:48Сенатор кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтеруді ұсынды13:45Абзал Бейсенбекұлы ҚР Қаржы министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды12:37Қазақстан: Балаларды қашықтан оқыту үшін 442 млрд теңге жұмсалған11:35Қазақстанның жеті аймағында жолдар жабылды10:03Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті 90 жасқа толуымен құттықтады17:35Пара туралы хабарлаған қазақстандықтарға 34 миллион теңге беріледі16:53Қазақстанда әр отбасының цифрлық картасы құрылады15:46Мемлекет басшысы азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша тапсырма берді13:52