Mazir
26 окт 13:36korilim:922 Qazaqstan / Ekonomika

Қазақстанда микрокредит беру талаптары өзгерді


ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Микрокредит беру туралы шартты жасасу тәртібін, оның ішінде микрокредит беру туралы шарттың мазмұнына, ресімделуіне, міндетті шарттарына қойылатын талаптарды, микрокредитті өтеу кестесінің нысанын бекіту туралы» қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Енді жеке тұлғалардың микрокредиттер бойынша берешегін сотқа дейін реттеу рәсімі белгіленеді. Микроқаржы ұйымы микрокредит бойынша төлеу мерзімінің кешігуі туындаған күннен бастап күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей ол туралы қарыз алушыны хабардар етуге міндетті. 

«Қарыз алушы төлеу мерзімінің кешігуі басталған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде берешекті өтеу мәселесін реттеу туралы өтінішпен МҚҰ-ға жүгінуге құқылы. МҚҰ күнтізбелік 15 күн ішінде қарыз алушының өтінішін қарайды және жазбаша нысанда қабылданған шешім туралы хабарлайды. Қарыз алушыдан өтініш болмаған және/немесе қарыз алушымен келісімге қол жеткізбеген жағдайда, МҚҰ нотариустың атқарушылық жазбасы негізінде берешекті өндіріп алуға құқылы», – делінген агенттіктің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Жаңа қағидаларға сәйкес шарттың жасалған күні, микрокредит сомасы, пайыздық мөлшерлеме, шарт талаптарын орындау мерзімдері және басқа да міндетті шарттар туралы ақпаратты шарттың титулдық парағына жазу талап етіледі. 

«Микрокредиттер бойынша берешекті сотқа дейін реттеудің міндетті рәсімінің болмауы МҚҰ-ның төлеу мерзімін кешіктіру туындағаннан кейін бірден берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу бойынша шаралар қабылдайтынына және қарыз алушыларға мәселені реттеудің нұсқаларын ұсыну мүмкіндігін бермейді, бұл өз кезегінде әлеуметтік шиеленістің өсуіне әкеледі. Микрокредиттер бойынша жеке тұлғалардың берешегін сотқа дейін реттеу рәсімін белгілеу әлеуметтік шиеленісті төмендетуге және проблемалық міндеттемелердің ұлғаю тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді», – деді Агенттіктің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев.


Кредиттік желіні ашу туралы келісім жасалған кезде қайталанған микрокредит шарттарын акцессорлық шартта көрсету талап етілмейді. Тағы бір толықтыру үлгілік шарттар негізінде микрокредит шартын жасау мүмкіндігін жоққа шығарады. Осылайша МҚҰ енді қосылу шарты талаптары бойынша қызмет көрсететін болады.

Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: