Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34
Танымал қазақстандық кәсіпкер Болат Өтемұратов ағылшын сотының шешіміне қатысты пікір білдірді.
Осыған дейін Ұлыбритания соты Болат Өтемұратовтың активтеріне қойылған шектеуді алып тастағаны туралы хабарланған еді.
"Активтеріме қойылған шектеулерге қатысты ағылшын сотының шешімінің күші жойылғаны және БТА банкінің талап-арызын қайтарып алуы мені қанағаттандырды. Заңгерлер тобы қысқа мерзімде бұл іске қатысым жоқ екенін дәлелдеу мақсатында негізгі дәлелдерді жинау бойынша жұмыс жүргізді. Мен компанияларымыздың жұмысы ашықтық қағидатына, заңды құрметтеуге және корпоративтік басқарудың үздік тәжірибесіне негізделгенін атап өткім келеді, - деді Өтемұратов.
Еске салайық, алғашында БТА банкіне қатысты талап арыз 2015 жылы Мұхтар Әблязов пен Ілияс Храпуновқа жіберілген еді.
«Мен үшін беделіме нұқсан келмеуі, адал болу әрқашан маңызды. Күрделі кезеңде мені қолдаған барлық адамға - менің отбасыма, достарыма, серіктестеріме, компания ұжымына алғысымды білдіремін», - дейді кәсіпкер.
Бұл істе жауап берушілердің тізімі кеңейіп, оған 2020 жылдың қарашасында Болат Өтемұратов пен оның бизнес құрылымында жұмыс істейтін бірқатар адам кірген.
Болат Өтемұратов пен БТА банкінің өкілдері арасындағы келіссөздер нәтижесінде құпия келісімге қол қойылды. Оған сәйкес банк өзінің талап-арызын қайтарып алуға міндетті болды.
Басу