Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті ауа райының бұзылуына байланысты тұрғындарды сақ болуға шақырды
«Қазгидрометтің болжамы бойынша қара аралас жауын түстен кейін тоқтайды. Ауа температурасы бүгін күндіз 0, -2 градус, түстен кейін одан әрі төмендейді», - делінген хабарламада.
Осыған байланысты Алматы қалалық ТЖД жүргізушілерге жылдамдықты азайтып, көлік арасындағы қашықты сақтауға және жылдам маневр жасамауға шақырады. Алматы қаласының ТЖД жаяу жүргіншілерге сақ болуы керектін ескертті.
«Есіңізде болсын, қар мен көктайғақ кезінде көлікті басқару қиындайды, ол жаяу жүргіншіні қағып кетуі мүмкін; көшені белгіленген орындарда өту керек; жолдан өткен кезде абай болыңыз, басқа істерге (ұялы телефонмен сөйлесу және тағы басқаға алаңдамаңыз); әрқашан алдыңызға, аяқтың астына қараңыз; аяқ киімді дұрыс таңдауға назар аудару керек, аяқ киім бұдырлы өрнегі бар тайғанамайтын материалдан жасалған тегіс табанды болуы тиіс; қолыңызды қалтаңызда ұстамаңыз, бұл сізге тайғақта тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді; тротуар, көлік аялдамалары, дүкен кіре берісіндегі баспалдақ, үйдің кіреберісі - адамдар жиі құлап, жарақат алатын жерлер», - делінген хабарламада.
Сондай- ақ Алматы ТЖД көліктерді ағаштың, электр желісінің және басқа да ілініп тұрған құрылымдардың астына қоймауға кеңес береді.
Басу