Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34
15-қаңтар күні кешқұрым Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов әкімдік ғимаратында жиналыс үстінде тұтқындалды деген ақпарат тарады. Сондай-ақ, оның орынбасары да бірге «кеткенін», үйінің тінтіліп жатқанын, тұтқындалу себебі жемқорлыққа қатысы бар екенін айтқан-ды.

Алғашында ешқандай ресми мәлімдеме жарияланбады, тіпті, түсініктеме де бермеді. Дегенмен, сағат кешкі сегіздер шамасында әкімнің баспасөз-хатшысы Ернар Сейтахмет аталған мәселеге қатысты түсініктеме берді. Ол әкіммен бірге Екібастұз қаласына жұмыс сапарымен барғанын, ол «өзінің қамалып жатқандығы» туралы білмейтінін айтты.
«БАҚ-та, әлеуметтік желілерде Павлодар облысының тұтқындалғаны жайлы ақпарат тарады. Қазіргі уақытта бұл туралы ешқандай ресми мәлімдеме шыққан жоқ. Ресми мәлімдеме шыққанға дейін жалған ақпарат таратуға асықпаңыздар. Біз сіздерді әлеуметтік желідегі парақшаларымызда ақпаратпен уақытылы қамтамасыз етіп отырамыз», - деді ол.
Бұл бұл ма?! Баспасөз-хатшысы дүдәмал күйде отырған басшы түнгі сағат он бірге таяу «Инстаграмда» жазба жариялайды. Ол жерде әкім Екібастұздағы кездесуде қандай мәселелер көтерілгенін, осындай кездесулерді жиі ұйымдастыруға уәде беретінін жеткізді.
Болат Бақауов Павлодар облысы, Новокузьминка ауылында 1971 жылы туған. Железинский ауданындағы «Бақауов» шаруа қожалығының басшысы болды. Он жыл кәсіпкерліктен кейін мына кезекпен әкім болып келеді: Качирский ауданы, Ақсу қаласы, Павлодар қаласы және Павлодар облысы.
Еске сала кетейік, Бақауовтың ізашарларының бірі, Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арын 2014 жылы сыбайлас жемқорлыққа қатысы болғаны үшін сотталған-ды...
Басу