Mazir
22 янв 13:08korilim:970 Sayasat / Qazaqstan

Есірткі заттарын тасымалдамақ болған Арал ауданының тұрғыны ұсталды

Тексеру барысында 1 келіге жуық «кептірілген марихуана» тәркіленді. Автокөлік жүргізушісі 36 жастағы Арал ауданының тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
«Бүгінгі күні күдікті Арал ауданы Полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 3-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - делінген полиция департаментінің таратқан хабарламасында.
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: