Mazir
09 авг 12:23korilim:406 Sayasat / Qazaqstan

Ертең білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланады

Білім гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызда жарияланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап. 

«Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады. Грантқа үміткерлердің өтінімдерін комиссия мүшелері қарайды. Оның құрамына министрліктің, мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы, бұқаралық ақпарат құралдары, Қазақстанның азаматтық альянсы және қоғамдық ұйым өкілдері кіреді. Талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балдарына және бекітілген ережелерге сәйкес конкурстық негізде гранттар тағайындалады», - делінген хабарламада. 

Биыл халықтың әлеуметтік осал топтарына бөлінетін гранттар саны көбейтілді. Яғни, көпбалалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар грант алуда басым мүмкіндікке ие болды.

Сондай-ақ, ауыл балалары және ҚР азаматтығы жоқ ұлты қазақ азаматтар үшін де квоталар көзделген. Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін барлығы 80 мыңға жуық өтінім берілді. Құжаттарды қабылдау 13-22 шілде аралығында жүзеге асырылды. 

Конкурстық iрiктеудiң қорытындысы ҚР Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнің ресми Telegram каналында және республикалық БАҚ беттерiнде жарияланады.

Басу
buy generic celebrex over the counter - flavoxate cost indomethacin pills

order cambia for sale - diclofenac 50mg us buy generic aspirin for sale

azithromycin order online - nebivolol cost buy nebivolol for sale

zovirax 400mg for sale - buy generic zyloprim for sale buy rosuvastatin without prescription

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: