Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34

Соманы өзгертумен қатар, іс-шаралар жоспарына түзетулер енгізу жоспарлануда, бірақ бұл сапаға әсер етпейді.
Абайдың 175 жылдығына жоспарланған қаражаттың бюджеті оңтайландырылады, деп мәлімдеді Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
«Мемлекет басшысы нақты тапсырмалар берді. Президент өз мақаласында атап өткендей, біз ысырапшылдықпен айналыспауымыз керек және біздің басты мақсатымыз той-томалақ емес, жас ұрпақ үшін пайдалы нәрсе болу керек. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оңтайландыру және үнемдеу жұмыстары жүргізілетін болады. Ағымдағы жоспарға өзгерістер енгізіледі. Ең бастысы - өскелең ұрпаққа мұраны таныту», - деді Нұрғиса Дәуешов.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын тойлауға ақша жұмсау мәселелерін бақылауды тапсырды.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке айтқан сөзінде мемлекет басшысы Абайдың 175 жылдығын тойлауға жоспарланған шығындарды азайту керектігін атап өтті.
Демеушілік қаражаттың көмегімен тіпті көп концерттер ұйымдастырудың, шетелдік әртістерді тартудың қажеті жоқ. Меніңше, біз барлық шараларды іскерлік түрде жүргізуіміз керек. Сіз тәжірибелі адамсыз, мүмкін әкімдердің ішіндегі ең тәжірибелісі өзіңізсіз, сондықтан ұлы Абайдың 175 жылдығын тойлау аясында өтетін барлық шараларды мұқият қарап шығыңыз, - деді Тоқаев.
Басу