Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34

Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасына балама ретінде жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Үкімет отырысынан кейін тілшілер министрден жаңа ипотеканы іске қосу мүмкіндігі туралы сұрады.
«Бірінші кезекте халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарының қамтамасыз етілуіне алаңдаймыз. Алайда біз халықтың негізгі бөлігін, яғни жұмыс істеп, отбасы құрып жатқан тұрғындарды ұмытып жатамыз. Біз оларды қамтамасыз ету үшін қазір отбасының цифрлық портреті арқылы атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді қарастырып жатырмыз. Санаттар бойынша жіктелмейді», - деді Қ. Өскенбаев.
Осы орайда ол әр отбасының жағдайына қарай жеке-жеке көмек көрсету ескерілгенін айтты. Бірақ бұл бастама әлі де пысықталып жатыр. Отбасының цифрлық портреті жасалды. Алдағы уақытта оның мазмұны толықтырылады.
Сонымен қатар министр жақын арада жаңа ипотекалық бағдарламаны таныстыру жоспарланып отырғанын айтты.
«Оны таяу уақытта таныстырамыз. Яғни ол құжат заң аясында қарастырылып жатыр. Ең бастысы, бағдарлама бойынша бастапқы жарна мен 7 пайыздан аспайтын қолайлы мөлшерлеме ескерілуі керек. Атап айтқанда, біз 7 пайыздан аспайтын деңгейді белгілеуге тырысамыз», - деді ведомство басшысы.
Басу