Mazir
25 окт 10:15korilim:1 290 Sayasat / Qazaqstan

Мемлекет басшысы: Тәуелсіздік тұғырын биік ұстап, мемлекеттігімізді нығайта береміз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күнімен құттықтады, - деп хабарлады Ақорда. 

«Құрметті отандастар!

Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қастерлі Тәуелсіздігімізге жол ашты. Сондықтан бұл тарихи құжаттың мән-маңызы зор.

Біз биылдан бастап Республика күнін ұлттық мереке ретінде жаңа мазмұнда атап өтеміз. Осы бастама жұрттың кең қолдауына ие болып, дәстүрге айналарына сенімдімін.

Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке. 

Біз Әділетті Қазақстанды құруға кірістік. Барша қазақстандықтар белсене атсалысқанда ғана осы игі мақсатқа қол жеткізе аламыз. Себебі мемлекеттің тірегі де, басты байлығы да – азаматтар! 

Жаңғырған ұлттық мерекемізге орай өңірлерде бірлігіміздің символы – көк байрағымызды көтеруге арналған салтанатты рәсім өтеді. Бұл – ұрпақ санасында отансүйгіштік қасиетті, елдік рух пен ұлттық ұстанымды бекемдей түсетін маңызды шара. Көк туымыз – егемендік, азаттық, бірлік, бейбітшілік сынды ізгі құндылықтарды ұштастыратын қастерлі рәміз.

Біз – байрағын биік ұстаған бабалардың ұрпағымыз. Сондықтан ту көтеру рәсімі ұлттық мерекенің маңызын арттырады. Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Бағдарымыз –  айқын, мақсатымыз – ортақ. із тәуелсіздік тұғырын биік ұстап, мемлекеттігімізді нығайта береміз. Өйткені Отанымыз – бір, мемлекетіміз – бір, халқымыз – бір.

Ендеше Әділетті Қазақстанды бірге құрайық! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Еліміздің егемендігі баянды болсын!» - делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Басу
neurontin 800mg drug - order ibuprofen 600mg order sulfasalazine for sale

purchase diclofenac generic - buy aspirin for sale buy aspirin 75mg generic

cheap generic rumalaya - brand shallaki buy amitriptyline for sale

order pyridostigmine 60 mg generic - buy imitrex medication buy azathioprine pills

isotretinoin 10mg us - buy linezolid sale buy linezolid 600mg for sale

provigil 200mg price modafinil pill provigil usa modafinil over the counter provigil 100mg generic cost provigil provigil 100mg canada

More content pieces like this would insinuate the web better.

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: