Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34

Сапасыз интернет үшін еліміздің байланыс операторлары шамамен 271 млн теңге айыппұл төледі. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Интернеттің сапасына қатысты біздің министрлік байланыс операторларының жауапкершілігін күшейту жұмысын жүргізіп жатыр. Мендегі бар ақпарат бойынша шамамен 271 миллион теңге айыппұл төленді. Заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілді.
Сонымен қатар байланыс сапасының параметрлері бекітілді. Интернет сапасына қатысты мәселе туындаса «Е-өтініш» жүйесі арқылы біздің министрліктің байланыс комитетіне жүгінуге болады. Содан соң біздің маман тексереді. Егер интернеттің сапасыздығы расталса, онда тиісті айыппұл салынады. Бүгінгі таңда операторлармен осындай жұмыс жүргізілуде», - деді Әсет Тұрысов Мәжілісте тілшілердің сұрағына жауап бере тұрып.
Оның айтуынша, байланыс операторларының жұмысына қатысты қатаң шаралар қабылданды.
Басу