Mazir
19 мар 23:21korilim:3 871 Жаңалықтар

Абаев: Карантиннің талабын бұзсаңыз, 10 жылға сотталасыз


ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев карантин талаптарын бұзған жағдайда қолданылатын қатаң жаза түрлерін айтты. 

«Коронавирустың таралуының жолын кесу үшін бірқатар қатаң ережелер орнаттық. Қытай мен Оңтүстік Корея дәл осындай тәжірибе арқылы коронавирусты тоқтатты. Қазір бұл елдерде инфекция жұқтырғандар жоқ. Ал Еуропада көрсеткіш күн санап өсуде. Қазақстандағы карантин де қатаң. Қалаға кіріп-шығу туралы ереже бәріне белгілі», - деді министр. 

Сонымен қатар, Дәурен Абаев төтенше жағдай режимі кезінде тәртіп бұзғандарға қолданылатын жаза түрлерін де айтып берді. 

«Қалаларда сауда-саттық нүктелерінің жұмысы шектелді. Ойын-сауық орталықтарының барлығы жабылды. Десек те, төтенше жағдай кезінде тәртіп бұзудың жауапкершілігі ауыр болатынын ескерген жөн. Шектеулерді тыңдамағаны үшін 10 АЕК көлемінде айыппұл немесе 15 күн қамауда ұстау қарастырылған. Ал билік өкілінің талаптарына құлақ аспағандар, тіпті, екі жылға бас бостандығынан айырылуы ықтимал. Ал осы тәртіпсіздік салдарынан көп адам инфекция жұқтырса немесе адам қаза тапса, 10 жыл түрмеге жабылады», - деді Абаев. 

Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: