Mazir
06 фев 11:48korilim:281 Жаңалықтар

Автонесие сайтына бір минутта 125 мың адам кірген

Автонесие сайтына бір минутта 125 мың адам кірген

4 пайыздық автонесие өтінімін қабылдауға арналған autonesie.kz сайтына бір минутта 125 мың адам кірген. «Өнеркәсіпті дамыту қорының» баспасөз қызметі осындай мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Платформа іске қосылған алғашқы минуттың ішінде autonesie.kz сайтына 125 мың адам кірді», - деп жазылған мәліметте.

Бұған дейін жеңілдетілген автонесиеге өтінгім қабылдаудың алғашқы легінде 761 адам өтініш бере алатыны айтылған болатын.

«761 қазақстандық өз өтінімдерін платформа жұмысын бастаған алғашқы 18 секундтың ішінде беріп үлгерді. Өтінім қабылдау сағат 10.00-де басталса, алғашқы минуттың шішінде 125 мың адам кірді», - делінген баспасөз хабарламада.

«Autonesie.kz жүктемені еңсеріп, өтінімдер пулының қалыптасуын қамтамасыз етті. Лимитке жеткеннен кейін өтінімдерді қабылдау автоматты түрде аяқталып, «өтініш беру» функциясы тоқтатылды.

Өтініш беру процесінде кейбір пайдаланушылар автомобиль өндірушісін таңдай алмай» жатты. Бұл сонымен қатар өтінім лимитіне қол жеткізумен байланысты», - деп жазылған ресми мәліметте.

Басу
order pyridostigmine 60 mg - mestinon 60 mg drug buy azathioprine online

zithromax 500mg over the counter - tindamax oral brand nebivolol 20mg

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: