Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34

Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлының бұзақылық әрекетіне қатысты істі тергеу аяқталғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Іс бойынша тергеу амалдарын әскери прокуратура қадағалады. Қылмыстық іс аяқталды. Қазір ол соттың қарауында. Ол мерзімді әскери қызметте жүрген сарбаз. Ол аталған қылмысты жасаған кезде демалыста болған», - деді М. Қазиев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Сонымен қатар тілшілер оның кінәсі дәлелденсе, қандай шешім шығуы мүмкін екенін сұрады.
«Нақты үкімді сот шығарады, яғни тиісті шешім жарияланады», - деді Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары.
Еске салсақ, Алматыда заңгер Анна Дмитриевич пен оның күйеуі Олег Чернов соққыға жығылған еді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады.
Кейін спорт қайраткері Дәулет Тұрлыханов баласының бұзақылық әрекетіне байланысты пікір білдірді.