Mazir
25 май 23:23korilim:1 809 Жаңалықтар

Маска тақпаған азаматтарға қанша айыппұл салынады?


Алматы қаласының әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов маска кимеген азаматтар айыппұл арқалауы мүмкін екенін айтты. Онлайн-брифинг барысында Қожағапанов қала көлемінде маскалық режим орнатылғаны туралы нақты айтты. 
«Маскалық режим науқастар санының аз болуы мен жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Біз бүгін барлық аудан әкімдері мен Полиция департаментіне тапсыра бердік. Олар кешеден бері белсенді түрде жұмыс істеп жатыр. 400-ден астам маска кимеген азамат ескерту алды. Әзірге тек ескерту жасап отырмыз. Алдағы уақытта әкімшілік шаралар қолдануымыз ықтимал», - деді ол. 
Әкімнің орынбасары, ең алдымен, қоғамдық көліктерде міндетті түрде маска кию керектігін айтты. Ал айыппұл көлемі туралы ақпаратты қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жеткізді. 
«Егер азаматтар маска кимеу арқылы карантин талаптарын бұзса, 5 АЕК (13 890 теңге) айыппұл салынады. Ал аумағына қызметкерлерді маскасыз кіргізген нысан басшылығы 15 АЕК (41 670 теңге) көлемінде айыппұл төлейді. Егер осындай құқық бұзушылық шағын бизнесте орын алса, айыппұл көлемі 100 АЕК (277 800 теңге), орта бизнес үшін 200 АЕК (555 600 теңге), ірі бизнес үшін 500 АЕК (1 389 000 теңге) болуы мүмкін», - деді ол. 
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз:
Janalyqtar toptamasy
Нурикамал Сейітжанова қайтыс болды23:08Найзағай, шаңды дауыл: Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды17:48Мемлекет басшысы Мәулен Әшімбаевты қабылдады15:33Мәжіліс ЕАЭО туралы Шарт аясында жаңа ратификациялық заң жобаларын мақұлдады12:39«Қазақ тілін үйретудің заманауи әдіснамасы»11:32Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды10:35Қазақстанда әкімдер сайлауын өткізуге 17 миллиардтан астам қаражат жұмсалады17:05Вакцина салдырғандар үшін карантин шектеулері жеңілдетілді16:36UFC-де тағы бір қазақ жекпе-жек өткізеді14:33Қазақстан мұнайшыларының 90%-ы вакцинадан бас тартты13:48Бибігүл Төлегенова министрдің отставкасы туралы: «Бізді лас ойынға араластырып, мазақ етті!»12:02«Коронавирус, кет, кет, кет»: Шымкенттегі тойда ұсталған Марат Омаровтың басы дауға қалды11:48Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады10:33LRT-ні бұзып тастағаны рас па?17:41КХДР жаңа ядролық сүңгуір қайық жасап шығарды16:07