Mazir
10 авг 17:53korilim:1 015 Жаңалықтар

Қожахметов: Еліміз сыни кезеңнен өтті деп толық сеніммен айта аламыз


Қазақстан коронавирус инфекциясы таралуының сыни кезеңінен өтті, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Бағдат Қожахметов.

«Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралуының өсуі тоқтады. Жағдай тұрақтанды және барлығы биліктің, Денсаулық сақтау министрлігінің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің бақылауында. Еліміз сыни кезеңнен өтті деп толық сеніммен айта аламыз. Тынышталуға әлі ерте. Күресудің келесі маңызды кезеңі - ауруды және өлімді одан әрі төмендету. Карантинге қарамастан, санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырамыз», - деді Бағдат Қожахметов ОКҚ брифингінде.

Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: