Mazir
17 авг 09:17korilim:1 066 Жаңалықтар

Тәулік қорытындысы: Науқас азайса да, өлім-жітім азаймай тұр


Қазақстандағы коронавирус инфекциясы және коронавирус белгілері бар пневмония бойынша 16-тамыз 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай жарияланды.
Қазақстанда өткен тәулікте 337 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 172 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді. Сондай-ақ бір тәулікте 18 адамның коронавирустан қайтыс болғаны анықталып отыр. Бүгінге дейін елімізде 103 033 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. 82 777 науқас дертінен айықса, 1 415 адам індет құрбаны болды. 
Ал коронавирус белгілері бар пневмониямен бір күнде 141 науқас тіркеліп, екі адам қаза тапты. 1-тамыздан бері пневмония диагнозымен тіркелгендер саны 18 606 адамға жеткен. 
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: