Mazir
29 сен 10:22korilim:547 Жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрі науқастар жайы туралы мәлімдеме жасады


Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияны 10 адам жұқтырып, бір адам қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 
1-тамыздан бері коронавирус белгілері бар пневмониямен және ПТР-тестінің теріс көрсеткіші бар науқастар саны 32 500 адамға дейін өсті. Ал қаза тапқандар саны 351 адамға жеткен. 
Қазір коронавирус инфекциясынан 3 300 адам ем алып жатыр, оның ішінде 46 бала бар. Стационарлық режимде 1 906 науқас, ал 1 394 науқас үйде ем алып жатыр. 92 науқас ауыр жағдайда, 12 науқас өте ауыр жағдайда жатыр, ал 21 науқас жасанды желдету аппаратына қосылған. 
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: