Mazir
28 окт 15:06korilim:914 Жаңалықтар

Қазақстанда "әуенді" жолдар пайда болды


Нұр-Сұлтан-Щучинск автомобиль жолында "музыкалық" шулы жолақтар орнатылды. Мұндай технология Қазақстанда алғаш рет қолданылып отыр.

Пилоттық жоба жол жүру қауіпсіздігі саласына жаңа технологияларды енгізу аясында іске қосылған. Оны жүзеге асыру барысында Германия, Корея, АҚШ пен Жапония елдерінің тәжірибесі ескерілді.

"Әуенді жолдар" жүргізушілерге қауіпті участкелерде жылдамдықты азайтуға көмектеседі. Әуен автокөліктің дөңгелектері мен суық пластиктен жасалған шу белгісі жанасқанда шығады. Көлік шу жолағынан 90 км/сағ жылдамдығымен жүрген жағдайда, әуен дыбысты өзгертеді. Осылайша жүргізушінің назарын аударып, жүру жылдамдығын азайтуға әсер етеді, делінген ҚР ИИДМ хабарламасында.

Эксперименттің нәтижесі бойынша келер жылы өзге де республикалық жолдарға музыкалық жолақтар орнатылмақ.

Шу жолақтары – бедерлі сызықтар түріндегі арнайы жол белгісі. Мұндай жолақтар жылдамдықты асыру, шаршау мен рөлде ұйықтап қалу себебінен болатын жол-көлік оқиғасын болдырмау мақсатында салынады. Олардың үстімен өткенде діріл пайда болып, жүргізушілердің жинақталуына көмектеседі.

Басу
purchase lasuna without prescription - diarex pills cheap himcolin pill

buy diclofenac generic - aspirin sale aspirin 75 mg without prescription

order rumalaya without prescription - purchase elavil online buy elavil online cheap

buy generic diclofenac online - imdur order online buy nimotop no prescription

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: