Mazir
05 дек 12:30korilim:720 Жаңалықтар

Ақмола облысында жантүршігерлік қылмыс орын алды


Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, 5 желтоқсан, түнгі сағат 00:00-де Бурабай аудандық полиция басқармасының кезекшілік бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, Бурабай кентіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде өзі адам өлтіргенін хабарлаған.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының зорлықпен өлтірілген 4 әйелдің денесін тапқаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары Бурабай кентінің бұрын ұрлық үшін бірнеше рет сотты болған 28 жастағы тұрғынын қолға түсірген. 

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша тергеу жұмыстары басталды.
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: