Mazir
11 дек 13:34korilim:1 114 Жаңалықтар

96 жастағы қария баласы үшін сотқа тартылды

Америка Құрама Штатарының бір қаласында 63 жастағы баласы үшін жол ережесін бұзған 96 жастағы қарт әкенің соты болып өтті. Соттағы әкенің сөйлеген сөзі сот залындағы барша қатысыушыны жүрегін елжіретіп, көздеріне жас үйірді.

Соттың: « Koella мырза! Сіз мектеп көшесіндегі жылдамдықты шектен тыс арттырғаныңыз үшін айыпталынып отырсыз», - деген сөзіне қария жауап берді.

Ол өзінің жылдам жүре алмайтындығын, кей кездерде ғана баласының дәрі-дәрмегін уақытылы жеткізу үшін жылдамдықты артыруға мәжбүр екендігін баяндай келе:

«Мен баламды аптасына бір  рет ем қабылдауға апарам, балам мүгедек, сондай сәттердің бірінде асыққан шығармын», - деген сөзіне бастапқыда сеніңкіремеген сот:

«Кешіріңіз сонда балаңыз қанша жаста?», - деген сауалын қойды.

Қарт әке баласының 63 жаста екенін, рак ауыруымен ауыратындығын және оның жалғыз қамқоршысы өзі екендігін баяндап берді. Бұл жауапқа таңданысын жасырмаған сот:

«Сіздей әкелер өмір сүретін Америка бақытты ел, сіз қандай мықты адамсыз. Бұл деген ғажап! Сіз мойыныңыздағы барлық айыптаулар мен айыппұлдардан босатылдыңыз», - деп басын шайқады.

Міне мейірім, міне демократия. «Әке асқар тау» деген осы болса керек....
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: