Mazir
21 дек 11:43korilim:1 393 Жаңалықтар

"Спутник V" вакцинасы бірінші кезекте кімдерге салынады?


Премьер-министр Асқар Мамин Қарағанды фармацевтикалық кешеніне барып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің арасындағы уағдаластықтарды іске асыру аясында "Спутник V" вакцинасын өндіруді бастап берді.

Кешен базасында кезең-кезеңімен 2 миллион доза вакцина өндіріледі.
"Қазақстанда өндірілген"Спутник V"-мен жаппай вакцинация 2021 жылғы ақпан айында басталады. Бірінші кезекте екпе ерікті негізде медицина қызметкерлері, педагогтер, студенттер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті, сондай-ақ созылмалы аурулары бар қауіптілік топтарының өкілдеріне салынады", - деді Мамин.

Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: