Mazir
27 фев 09:30korilim:13 831 Жаңалықтар

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған 16 адам қайтыс болды


Швейцарияда Pfizer және Moderna компанияларының вакциналарын салдырған он алты адам қайтыс болды.

Федеративті осы елге әкелінетін дәрі-дәрмекті қадағалаушы орган Swissmedic хабарлауынша, вакцина салдырған 364 адам жанама әсерден өзін қолайсыз сезінген.

Вакцина жақпағандардың арасында 199 адам Pfizer препаратын салдырған, ал қалған 154 адам Moderna вакцинасын қабылдаған болып шықты.

Мамандардың мәліметінше, вакцина өміріндегі ең соңғы екпеге айналған 16 адам сол препаратты қабылдағаннан кейін барлығы бірден емес, түрлі уақыт аралығында көз жұмған.

Дереккөз: 24.kz

Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: