Mazir
12 мар 09:27korilim:2 645 Жаңалықтар

Қазақстанда полиэтилен пакеттерге тыйым салынады

Төрт жылдан кейін Қазақстан полиэтилен пакеттерін қолданудан бас тартуды жоспарлап отыр.

Сарапшылардың пікірінше, елдегі супермаркеттер ай сайын 40 миллион данаға дейін полиэтилен пакеттерін тұтынады.
"Биологиялық ыдырайтын шикізатқа көшу үлкен қаржылық инвестицияларды қажет етеді, ал жекелеген кәсіпорындар банкротқа ұшырайды. Қарағандыдағы бір ғана кәсіпорын айына 4 миллионға дейін полиэтилен пакет шығарады. Шикізат Ресей мен Өзбекстаннан сатып алынады. Биологиялық ыдырайтын материалдары бар пакет бірнеше есе қымбатқа түседі", - дейді кәсіпкерлер.
Полиэтилен пакеттерінің экологиялық зияны әлдеқашан дәлелденген және көптеген елдер оларды өндіруге тыйым салған немесе шектеулер енгізгені белгілі.

Фото: inbusiness.kz

Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: