Mazir
09 май 10:25korilim:1 312 Жаңалықтар

Назарбаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады.
"Құрметті қазақстандықтар!

Жыл сайын 9 мамыр күні біз әкелеріміз бен аталарымыздың адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыста көрсеткен ерен ерлігі мен қаһармандығын еске аламыз.

Бұл күні біз үшін зор мақтаныш пен нағыз патриотизмнің үлгісіне айналған ардагерлердің алдында басымызды иеміз.

Соғыс құрбандарына тағзым етіп, осы күнге аман жеткендерге құрмет көрсетеміз. Олардың  жауынгерлік ерлігі мен тылдағы еңбегінің арқасында біз бейбіт әрі тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмыз.

Отан үшін от кешкендердің ерлігін ұмытпай, оны кейінгі ұрпаққа үлгі ету – біздің қастерлі борышымыз.
1945 жылғы мамыр айындағы Ұлы Жеңіс ортақ мақсатқа жұмылған халықтардың ауызбірлігінің, достығы мен өзара көмегінің жарқын символына айналды.
Бірлігі жарасқан қоғам ғана зор жетістіктерге жете алатынын халқымыз жақсы біледі.

Тәуелсіздіктің отыз жылындағы тәжірибеміз – соның айқын дәлелі.
Біз осы кезеңде қуатты әрі өркендеген мемлекет құрдық. Өзара сыйластық, тұрақтылық пен тыныштық еліміздің орнықты әрі үйлесімді дамуының кепілі болды.
Тарихтан сабақ алып, халқымыздың бірлігін ең басты құндылық ретінде сақтап келеміз. Алдағы уақытта да солай боларына сенемін.

Баршаңызды Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мықты денсаулық, баянды бақыт, ұзақ ғұмыр тілеймін!

Аспанымыз әрдайым ашық болсын!" - делінген құттықтауда.


Басу
order probenecid 500mg online cheap - benemid 500mg for sale buy generic tegretol

buy celebrex paypal - where to buy celecoxib without a prescription how to get indomethacin without a prescription

buy generic rumalaya online - cheap shallaki generic buy cheap generic endep

mestinon without prescription - imitrex 25mg usa order imuran pills

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: