Mazir
23 дек 22:30korilim:1 080 Жаңалықтар

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-да ЖАҺАНДЫҚ КӨШІ-ҚОН КИНОФЕСТИВАЛІ ӨТТІ


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 18 желтоқсан - Халықаралық мигранттар күні аясында Грегуар Госсеттің «Бір жақты билет» атты Жаһандық Көші-қон кинофестивалі өтті. 




Бұл кино фестиваль Халықаралық Миграция ұйымы (БҰҰ) тарапынан БҰҰ жаһандық Коммуникация Департаментінің қолдауымен 28 қараша мен 18 желтоқсан аралығында ұйымдастырылып келеді. Міне, төрт жылдан бері Жаһандық көші-қон кинофестивалі бүкіл әлемде үлкен жетістікпен өтуде, бүгінде Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып, кинокөрсетілім әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қабырғасында өтті. Кинофестивальдің маңыздылығының айырықша бір себебі – әлемдік деңгейде қазіргі тұрғындардың тұрмыстық түйткілдері мен талап-тілектерін көз алдыңа жайып салады. 

Мигранттардың жайсыз жағдайы мен тұрақсыз ахуалы бұған бей-жай қарай алмайтын барлық көрермендерге жаһандық деңгейде не болып жатқанын түйсінуге мүмкіндік береді. Фильмнің басты кейіпкерлерінің өзара әңгімелері арқылы біз адамдардың жаһандық көші-қонының нақты себебін және оған қатысты қиындықтарды түсіне бастадық.

Аталған шараны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Бірінші проректоры құттықтау сөзбен ашты. Аталмыш шараға Халықаралық Миграция ұйымының Орталық Азиядағы Миссия жетекшісі Зейнал Гаджиев, Алматы қаласындағы Халықаралық Миграция ұйымы орталығының басшысы Виктория Касабян, Болгария Республикасының Қазақстандағы елшісі Миладин Миладинов және Германия мемлекетінің Алматы қаласындағы жаңа елшісі Кристиана Маркерт қатысты. 

Шараға қатысқан студенттер мен магистранттар шара ұйымдастырушыларына ризашылықтарын білдірді, жиналғандардың әрқайсысы фильмнен алған әсерлерімен бөлісті. Олардың әрқайсысы сюжеттік желінің тереңдігін, экранда болып жатқан оқиғалардың шынайылығын атап өтті.

Мұның барлығы кинокөрсетілімнің басты ұйымдастырушылары - Алматыдағы БҰҰ-ның Жаһандық коммуникациялар департаменті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ынтымақтастығы арқасында жүзеге асты.
Басу
order neurontin 600mg - motrin cost buy generic sulfasalazine

order mestinon 60mg without prescription - cheap imuran 50mg azathioprine 50mg uk

order baclofen 10mg pills - feldene brand order piroxicam 20mg online

isotretinoin for sale online - buy isotretinoin cheap linezolid 600 mg for sale

purchase amoxil online - cheap amoxicillin without prescription buy ipratropium without a prescription

purchase azithromycin without prescription - buy generic nebivolol bystolic 5mg usa

order acyclovir 400mg generic - order crestor 20mg order crestor 20mg

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: