Mazir
16 сен 10:04korilim:588 Жаңалықтар

Парашюті ашылмаған әскери қызметкер мерт болды


14 қыркүйек күні Алматы облысында жоспарлы оқу-жаттығу жұмыстары кезінде 1990 жылы туған Қарулы күштер қызметкері, капитан мерт болды. 

Басқа жеке деректерді марқұмның туған-туыстары жарияламауды сұраған. Әскери қызметкер бұған дейін 50 мәрте парашютпен секірген. Қайғылы оқиғаның себептері тексеріліп жатыр. 
«Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы күштердің жеке құрамы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Қорғаныс министрлігі әскери қызметкердің отбасына жан-жақты көмек көрсетеді», - деп жазылған хабарламада. 
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: