Mazir
05 июл 10:15korilim:451 Жаңалықтар

Алматы «сары» аймаққа өтті

Елдегі эпидемиологиялық ахуал қайтадан күрделене түсті. Соған сәйкес коронавирусты жұқтыру деңгейі артқан Алматы қаласы «сары» аймаққа өтті. Қалған өңірлер әзірге «жасыл»сызықта тұр.

Эпидемиологиялық ахуалдың өзгеруіне байланысты Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жерлестерімізге үндей жолдап отыр. Онда қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігері қаулы даярлап жатқаны айтылған. Қаулыға сәйкес, 5 жасқа дейігі балаларды қоспағанда барлық азаматтарға қоғамдық орындада бетперде кию ұсынылады. КВИ-мен науқастанған адамдармен байланыста болған азаматтарды қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру қарастырылған.  Қаулы 7 шілде сағат 00.00-ден бастап қолданысқа енгізіледі.

Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: