Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы «Алтын орда» базары маңындағы Алматы-Бішкек учаскесінде жолды кеңейту бойынша күрделі жөндеу жұмысы аяқталуға жақын екенін мәлім етті. Бүгінгі таңда барлық жұмыстың 85 пайызы орындалыпты.
Ұлттық компанияның мәліметінше, қазір асфальт төсеуге дайындық жұмыстары жүргізілуде. 127 мың шаршы метр аумақта қалыңдығы 5 см болатын қиыршықтас-мастика асфальтбетон жабыны төселеді. Құрылыс жұмыстарына 120 жол жұмысшысы мен 40 техника жұмылдырылды.
«Жалпы, осы төрт шақырым учаскеде мердігерлерге жол айрықтары мен шығу жолдарын жабдықтап, «Нью-Джерси» темірбетон және тосқауыл қоршауларын орнату жұмыстарын аяқтау қажет. Сондай-ақ жолға бейнекамера орнатылады. Келісімшарт талаптарына сәйкес құрылыс жұмыстарын аяқтау мерзімі 2022 жылдың қараша айына белгіленген. Бүгінгі күні жолды жөндеу жұмыстарының 85 пайызы аяқталды», - деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз хатшысы Ләззат Стамғазиева.
Еске салайық, «Алтын Орда» базарының жанындағы эстакада былтыр желтоқсан айында ашылған еді.