Mazir
26 июл 10:40korilim:441 Жаңалықтар

Алматы әуежайында төбелес болды: полицей әуеге оқ атты

Алматы әуежайында төбелес шығып, соңында полиция қызметкерлері ескерту оғын атты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желілерде Алматы әуежайында үш ер адам ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Ол жерде оқ атылғаны туралы да айтылған.

Алматы полициясының баспасөз қызметі мәліметінше, түнгі сағат бір шамасында Алматы халықаралық әуежайы аумағындағы туристік полицияға көлік тұрағында төбелес шыққаны туралы хабар түскен. Онда үш мас ер адам төбелесіп жатқаны белгілі болған.

«Олар полиция қызметкерлерінің талабына бағынбаған. Төбелеске қатысқандардың бірі – бұрын сотталған 1994 жылы туған У. есімді ер адам шыны сыра бөтелкесін сындырып, полиция қызметкеріне қарай жүгірген. Қылмыстың жолын кесу үшін тәртіп сақшысы табельдік қаруынан әуеге оқ атып, ескерту жасады. Нәтижесінде, төбелескендер ұсталды. Олар Алматы және Түркістан облыстарының тұрғындары. Екеуі бұрын тонау және біреудің мүлкін ұрлау бойынша сотталған. Айыпталушылардың әрекеттері ҚР ҚК-нің 293-бабы, 2-бөлігі «Бұзақылық» бойынша сараланған. Олар УҰИ-ға қамалды», – деді полиция өкілдері.

Осы факт бойынша соталды тергеу басталды. Сондай-ақ, қызметтік қаруды қолдану бойынша тексеру жүргізіледі.

Басу
diclofenac 50mg for sale - buy aspirin 75 mg online order aspirin without prescription

order isotretinoin 10mg pill - decadron 0,5 mg uk linezolid 600mg without prescription

azithromycin 250mg uk - nebivolol price order nebivolol 5mg pill

order motilium generic - order generic domperidone 10mg order flexeril 15mg online cheap

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: