Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34

Ақтауда 3 тамызға қараған түні 17-ықшамауданда пышақтап өлтірілген 26 жастағы полицейдің ісіне қатысты жаңа деректер белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Бейресми ақпарат бойынша, тәртіп сақшысы сыныптастар кездесуінде танысымен жанжалдасып қалған. Ол жанжал кезінде пышағын алып, полицейді мойнынан жаралаған. Полицей ауруханада есін жимастан қаза болды.
Желіде марқұмның өмірінің соңғы минуттары түсірілген видео тарады. Кадрда жанында тұрған ер адам жәбірленушінің жарасын таңып жатқанын көруге болады. Қайтыс болған полицейдің артында әйелі мен екі баласы қалды.
Кісі өлтірген күдікті қамауға алынды. Расталмаған мәліметтерге қарағанда, ол қаладағы танымал футболшы.
Еске салайық, бұған дейін Ақтау қаласы ювенал полициясының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторын пышақтап өлтірген күдікті ұсталғаны хабарланған болатын.