Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34
Аты-жөнін атамауды қалаған қазақ қызы Хайнань аралынан бір түн бұрын қайтып келді. Қытайда бір аптаға жуық уақыт өткізген ол демалысқа барғанын айтады.
Алғашқы үш күнде бәрі жақсы болатын, адамдар қарасы көп болды. Сонымен қатар, оларда жаңа жыл мейрамы тойланды. 26-нан 27-не қараған күні олар карантин жариялап, аралдағы барлық экскурсияларды, ірі сауда орталықтарын, дүкендерді, кафелерді жауып тастады.
Карантин жарияланғаннан кейін қыздың отбасы бір бөлмеге отыруға және сыртқа шықпауға мәжбүр болған.
«Тамақ ішу үшін, біз ешқайда кетпестен дайын тамақтар сатып алып бөлмеде отырдық, өйткені біз балалармен бірге болғанбыз» - дейді ол.
Қытайда туристерге маска сатып алу өте қиын екенін айтты. Аралдағы кәдімгі масканы 30 юаннан (1600 тг.) 50 юанға (2700 тг.) дейін бағалайды дейді.
Қыздың айтуынша, дәріханаларда қазақтарға маска жоқ деп айтылған, бірақ сатып алғысы келген қытайлықтарға сатушылар «пакетімен» берді дейді.
«Ұшақта отырғанымызда тексеріс болды, қолында дене қызуын өлшейтін құралы бар әйел бортқа кіріп бәрін тексеріп шықты. Қытай тарапынан ешқандай қысым болмады, бізді ұшаққа отырғызып жіберді» - дейді ол.
Бүгінгі күні жаңа вирустен қайтыс болғандар саны 170 адамға дейін артқаны белгілі. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қытайдағы қазақстандықтардың жағдайын бақылауда ұстап отыр деп хабарлады. Коронавирустан алғаш болып өлім тіркелген Уханьда жүзге жуық қазақ студенттері бар. Қазір елордалық әуежай Уханнан келетін қонақтарды күтіп алуға дайындалып жатыр.
Басу