Mazir
11 июн 17:44korilim:1 981 Жаңалықтар

ҚОСАНОВТЫ «БУРА ҚУДЫ, БУРА ҚУСА ДА ТУРА ҚУДЫ


Немесе «Күнту болыс бола жаздаған» сайлау

Сөз жоқ, бұл сайлаудың науқаны саяси тартыспен өтті. Науқанда «Аққу, Шортан һәм Шаян» болды. «Тұрақтылықты» қалайтындар биліктің, «Өзгерісті» қалайтындар Әміржанның маңына топтасты. Ал, үшіншісі «Байкотшы» топ еді. Үш топтың да іс-қимылы жұрттың көз алдында. Айтпақшы, 4-топ та байқалды олар «Құдай кімді қаласа сол болады. Алла бізге жақсы патша бер!» деп, дұға жасап, сәждеде жатқандар. Олар да аз емес, бір қауым жұрт.
Науқанда xалықтың ауқымды бір бөлігі «ӨЗГЕРІСТІ» қалайтынын көрсетті:
1) Олар әлеуметтік желіде белсенді болды. Желі мүмкіндігімен тәсіл талғамай тартысты.
2) Сайлау барысын бақылауға, сайлаудың әділдігін қорғауға болатынын көрсетті.
3) Біраз сайлау учаскелерінде сайлауды ұйымдастырушыларды қылмыс үстінде ұстап, жұртқа жария етті.
4) Белсенді бақылаушылар заң аясында қимылдап, жүздеген сайлау хаттамасын түсіріп алып, жұртқа жариялады. Бұл тіпті, кей облыста дауыс саны басқаша болғанын межелеуге мұрсат беретін еді.
«Өзгерісшілдер» серкеге зәру еді. Қосановтың кандидат ретінде тіркелуі «Іздегенге сұраған» болды.
Қосанов бір айлық кандидаттық мансабында саяси тұғырының шыңына көтерілді.
Ұтымды ұстанымдарына шешендігі қосылып, шебер, шапшаң қимылдады. Миллиондаған сайлаушыны үйден шығарды (расталған саны 1,4 миллион).
Олардың арасынан сайлауды насиxаттайтын, бақылайтын белсенді топ «курстан өтіп» шықты. Оны сайлау күні көрдік.
Бұл келесі сайлау бұдан да тартысты болатынын түсіндірді.
Ал, сол Әміржан науқан аяқталған алғашқы сағатта-ақ сынды. Оңбай сынды. Біз оның отыз күн айтқан сөзінен айнып шығып, алдыға аттаса мина басып кететіндей xалде тұрғанын көрдік.
Ал сондай сәтте «Әділ сайлауды» өмірінің мәні санаған Досты, Айдосты көрмей отырмыз. Көшім мен Сарым саясатта, сайлауда жоқ сияқты. Ең кемінде кандидат ұсынған ұйымның иесі ретінде сайлау заңын бұзғандарды сотқа беруі керек пе еді?
Бұл сайлаудың басқа сайлаудан өзгеше өткенін өзі де бақылаған «Байкотшы» Бапиннің де эстафетаны қолына алуға мүмкіндігі бар еді.
Онда ол Әміржан үшін алаңдаушылық білдіріп, Қосанов дайындаған, қазір де «далада қалғандай» болған мыңдаған белсенді бақылаушы мен насиxатшының алдына келер еді. Оларды «алдандың» деп табаламай, Әміржан айтып үлгермеген «Алғысын» білдіргенде не болар еді? Бапин де «Екі алып биге шығар» еді. Бұл жерде саясаткерге тән салиқалылық пен қағылездік жетіспеді.
Бұл сайлауда «оппозиция» жеңілді (Егер ондай топ бар болса), жеңілгенде де оңбай жеңілді.
Бірақ, «Өзгерісті қалаған» xалық жеңілген жоқ. Олардың дауысы саналды. Талаптары тақта отырғандарға жетті. «Халық биліктің бастауы» бола алатынын сезінді. Топтасса күш екенін «тобыр» емес екенін білді.
Әміржанды «Бұра қуды. Бура қуса да, тура қуды». Орайы келген отыз күнде айтарын айтты. Айғайын жеткізді.
Біз алаңдап отырмыз: Талай бопсаға шыдаған жігіт «Неден сынды, Көзіне не көрінді!» деп.
 
P.S.
Ел билігінің тізгіні Тоқаевқа тиді. Енді ол Мемлекетіміздің легитимді басшысы. Халықаралық деңгейдегі ұлттық тұлға. Әлем мойындайтын үлкен ұйымда да басшылық қызмет атқарған қазақ.
Жасампаз  ұлтымызды жемқорлықсыз мемлекет құруға бастайды деп сенеміз.
 
Байрағыңды тік ұста!
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз:
Janalyqtar toptamasy
Мемлекет басшысы Ердоғанға көңіл айтты13:21Қазақстанда жаңа мереке пайда болады12:47Тоқаев: Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етті11:30Коронавирустан жазылғандар саны 200 мыңнан асты10:00Қостанай облысында ерлі-зайыпты зейнеткерлер өлі табылды18:39Мамин Chevron басшылығымен кездесті16:34Ескі кірме сөздерді латынграфикалы қазақ әліпбиімен жазу жайында16:00Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілінің емле ережелері – мамандар талқылауынан өткен нұсқа15:30Алтынбек Нухұлы төлқұжатты Наурыз мерекесінде табыстауды ұсынды14:48Сенатор кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтеруді ұсынды13:45Абзал Бейсенбекұлы ҚР Қаржы министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды12:37Қазақстан: Балаларды қашықтан оқыту үшін 442 млрд теңге жұмсалған11:35Қазақстанның жеті аймағында жолдар жабылды10:03Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті 90 жасқа толуымен құттықтады17:35Пара туралы хабарлаған қазақстандықтарға 34 миллион теңге беріледі16:53