Mazir
17 ноя 10:22korilim:548 Жаңалықтар

Қарағанды маңындағы апатқа байланысты жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтады

Бүгін таңертең Қарағанды маңындағы «Қарабас» өткелінде 14 жүк вагоны рельстен шығып кетті. Аталмыш учаскеде барлық пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпараті.

Төтенше жағдай бүгін таңертең болды. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.

«17 қараша күні, таңғы сағат 6.15-те Қарағанды облысының Қарағанды – Сұрыптау – Ақадыр учаскесінің 767 Қарабас – ОП аралығында жүк пойызының 14 вагоны рельстен шығып кетті. Учаскеде жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Алдын ала мәліметке сәйкес, рельстен шығып кету жеке меншік иелеріне тиесілі вагондардың істен шығуына байланысты болды», - делінген «Қазақстан темір жолы» сайтында.

Аталмыш факті Қарағанды облысының көлік полициясында тіркелді. Кінәлілер теміржол көлігінің қозғалысы мен пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін.

«Аталған факті Қарағанды – Сұрыптау станциясындағы Желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 1-бөлігі, яғни теміржол көлігінің қозғалыс және пайдалану қағидаларын бұзу бойынша тіркелді. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабы талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды», - деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Апат салдарын жоюға Қарағанды, Жаңаарқа, Астана станцияларының үш қалпына келтіру пойызы тартылды.

Басу
buy rumalaya without a prescription - rumalaya tablets amitriptyline us

amoxicillin for sale online - buy generic valsartan over the counter buy ipratropium 100mcg without prescription

order generic zithromax - oral tinidazole buy nebivolol without a prescription

zovirax 800mg for sale - order acyclovir 400mg buy cheap generic rosuvastatin

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: