Mazir
19 дек 11:26korilim:140 Жаңалықтар

Журналист Михаил Козачков ұсталды

Журналист Михаил Козачков ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл ақпаратты Қаржылық мониторинг агенттігі растады. Ол Коспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына рейдерлік басып алулар жасауға көмектескен деген күдікке ілінген.

ҚМА мәліметінше, Қоспаев пен оның сыбайластары танымал кәсіпкерлердің бизнесін тартып алуы теріс қоғамдық резонанс тудыратынын түсініп, Козачковтың қызметтерін рейдерлік басып алу құрбандарына ақпараттық шабуыл жасау мақсатында пайдаланды.

Өз кезегінде, Козачков құқық қорғау органдарында көпжылдық тәжірибесі бар досы Бурхан Жансейітовті ірі көлемдегі сыйақыға ҰҚТ мүшелеріне сыбайластық жасауға тартты.

Соңғысы өзінің бұрынғы байланыстары арқылы ҰҚТ қажеттіліктері үшін, сонымен қатар кейін жариялауға арналған айыптайтын ақпараттарды жинады. Сонымен қатар, Жансейітов Козачковқа Телеграмм-каналын модерациялауға көмектесті, атап айтқанда, журналистің жарияланымдарының астына ҰҚТ басқа мүшелерімен бірігіп, комментарийлер орналастыру арқылы қоғамдық пікір қалыптастырған.

«Посттарға жағымсыз пікірлер қалдырған жазбаларды өшіріп, пайдаланушыларды бұғаттап отырған. Тергеу барысында Жансейтов пен Козачковтың өз қызметтір үшін ҰҚТ мүшелерінен 52 миллион теңге сыйақы алғаны дәлелденді.

Кәсіпкер Әбдіғаппаровтың шешесі Жүнісбековаға тиесілі «Есентай сити» жобасындағы үлесті рейдерлік басып алу пиғылын іске асыру үшін Козачков Әбдіғаппаровтың беделін түсіретін бірқатар мақалалар жариялады. Бұл ретте журналист «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң талаптарын өрескел бұзды, өйткені кейбір жағдайларда ол көрінеу жалған мәліметтерді, сондай-ақ банктік, отбасылық және басқа да заңмен қорғалатын құпияға қатысты деректерді таратты», - делінген хабарламада.

Биыл сәуірде кәсіпкер Абдуллаев Қоспаевтың ҰҚТ мүшесі – Шалин Руслан тарапынан шыны ыдыстар шығаратын зауытты рейдерлік басып алу фактісі туралы жұртшылыққа жүгінді, олар заңды меншік иесін басқарудан шеттетуге тырысты.

Жолға қойылған схема бойынша, ҰҚТ мүддесі үшін әрекет ете отырып, Козачков зауыт иесінің беделін түсіретін бірқатар мақалалар жариялады. Бұл ретте Алматы облысы тұрғындарының алкоголь өнімімен улануы және жәбірленушінің қасақана кісі өлтіруге қатысы бар екендігі туралы көрінеу жалған мәліметтер таратылды.

2022 жылдың шілде айының басында Қоспаевтың ҰҚТ мүшелері қаржылық мониторинг органдары олардың қылмыстық әрекеттерін әшкерелеу бойынша жедел іс-шаралар мен тергеу жүргізіп жатқанын құқық қорғау органдарындағы дереккөздері арқылы білген. Жасалған қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылудан қорқып, ҰҚТ мүшелері Танашев, Шалин, Қоспаев Айдос Козачков пен Жансейітовтің қатысуымен Елдос Қоспаевтың үйлестіруімен тергеу органының беделін түсіру және оның жұмысына кедергі жасау жоспарын іске асырды.

12 шілдеде Алматы қаласында Жансейітов ҰҚТ белсенді мүшесі - Айдос Қоспаевқа бақылауды жүргізген жедел қызметкерлердің машинасының жолын бұғаттады.

Алдын ала дайындалған сценарий бойынша адвокаттар мен Козачков оқиға орнына келді, олар қорғаушыларды жасырын бақылауды әшкерелегені туралы жалған мәліметтерді көпшілікке тарата бастады.

Биллинг пен бақылау камераларын қолдану арқылы жедел машинаның сол күні немесе алдыңғы бірнеше күнде адвокаттардың жүру бағыты бойынша мүлдем қиылыспағаны сенімді түрде анықталды.

Козачков нақты деректердің бұрмалануымен байланысты жағдайды ҰҚТ мүддесі үшін қамтып қана қоймай, олардың іс-әрекеттерін сол жерде үйлестірді және Қоспаев Айдосқа бақылаудан жасырынуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде соңғысы іздеуге жарияланды.

Бұған дейін өзінің жазасыздығын сезінген Жансейітов, заңды ашық түрде таптап, бұзақылық әрекеттер жасап, құқық қорғау органы қызметкерінің денесін қасақана жарақаттаған.

Бұдан басқа, Козачковқа және басқа тұлғаларға қатысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді заңсыз жинау және тарату фактілері бойынша қылмыстық іс тергелуде.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда, Қоспаевтың ҰҚТ мүшелерінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз:
Janalyqtar toptamasy
Президент жазушы Шерхан Мұртаза ескерткішіне гүл шоғын қойды15:36Абзал ҚҰСПАН, заңгер: ӘР ІСКЕ ӘДІЛ ҚҰҚЫҚТЫҚ БАҒА КЕРЕК11:03Алматы облысында жол апатынан екі адам өртеніп кетті11:16Андрей Чеботарев: Сайлаушылар жаңа партияларға дауыс бере алады10:10Шетелдік көліктерді заңдастыру: 5 мыңнан аса адам қазақстандық нөмір алды14:34Алматыда 8 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды12:30Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді09:57Қарағанды облысындағы карьерде жұмысшы қаза тапты13:05Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жобасы қаралды10:54Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды10:26БІЗ НЕ БІТІРДІК12:26Кәрім Мәсімовтің інісі аса ауыр қылмыстар жасады деп айыпталуда11:21Мемлекет басшысы әйелдердің зейнет жасына қатысты заңға қол қойды10:20Талдықорғанда журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімі берілді13:12Алматы: қаңтар оқиғасы құрбандарына арналған мемориал ашылды11:25