Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34

Ақтау қаласында Наркобизнеске қарсы күрес басқармасының үш қызметкері кінәсіз азаматқа нақақ жала жауып, түрмеге тоғытпақшы болғаны үшін сотты болды.
«ҚР ҚК 362-баптың 4-тармағы бойынша сот Наркобизнеске қарсы күрес басқармасының үш бірдей қызметкерін кінәлі деп тауып, әрқайсысына бес жыл кесті. 366-бап бойынша да күдікке ілінген үшеу ақ болды. Оларға қатысты мәліметтердің жеткіліксіздігі үшін бұл айыптан аман қалды», - делінген мәлімдемеде.
Маңғыстау облысы сотының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бұрынғы полиция қызметкерлері 2019 жылдың қыркүйек айында ұсталған.
«Қылмыстың істің материалдары бойынша, үшеу есірткі тасымалдады деген күдікпен Toyota Avalon автокөлігін тоқтатып тексерген. Бірақ күдікті ештеңе табылмапты. Артынша үшеу автокөлік иесінен ақша талап еткен. Бас тартқан жағдайда қылмыстық іс қозғайтынын айтып күш көрсеткен», - депті хабарламада.
Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, бұрынғы полиция қызметкерлерінің автокөлік иесінен 5 миллион теңге талап етіп, кері жағдайда түрмеге тоғытатынын айтқан.
«62-бапқа сәйкес, сот үкімі күшіне енгенге дейін қамауда болған бір күн кесілген мерзімнің екі күніне саналады», - дейді Ақтау қалалық сотының қазысы Гүлмаржан Әділсұлтан.
Қылмыскерлер шендерінен айырылып, мемлекеттік органда жұмыс істеу мүмкіндігінен өмір бойына шектелген.
Басу