Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34

Қытай ғалымдары коронавирустың жаңа түрі балаларға жұққан жағдайда, күдік туғызатын симптомдар байқалмайды деген шешімге келді. Бұл – қауіпті инфекцияның көзге көрінбейтін белгілері.
Гуанчжоу қаласындағы балалар орталығы екі айдан 15 жасқа дейінгі 745 балаға зерттеу жүргізген. Нәтижесінде 10 баланың коронавирус жұқтырғаны анықталған. Таңқалдырарлығы – балаларда инфекция симптомдары байқалмаған. Жетеуінде ғана 39 градустық дене қызуы болған. Қалыпты жағдайда ересек адамдар коронавирус жұқтырса, бұлшық еттері ауырып, әлсіздік пайда болып, тыныс алуы қиындайды.
Балалардың ағзасы ересек адамдарға қарағанда коронавируспен күресуге қауқарсыз. Сондай-ақ, балалар коронавирусты ағзасында ұзақ сақтайды. Карантин уақытынан емделіп шыққан балалардың асқазанында вирустың өлмегені анықталған. Осы себепті ғалымдар жас балаларды карантинде ұзақ мерзімге ұстау қажеттігін айтады.
Соңғы ақпараттарға сүйенсек, әлемде коронавирустан 6705 адам көз жұмып, 77 657 адам жазылған. Жалпы инфекция жұқтырғандар саны – 174 786 адам.
Басу