Mazir
18 мар 21:28korilim:1 846 Adebiet

"Жас Алаштың" атын қайтарған журналист

Республикалық "Айқын" газетінде ҰҒА корреспондент мүшесі, философия ғылымдарының докторы профессор Раушанбек Әбсаттаров пен саяси ғылымдарының докторы, профессор Әміржан Шалтықовтың "Парасатты тұлға" деп аталатын көлемді мақаласы жарияланды. Мақала белгілі журналист, жазушы, академик Уәлихан Қалижан туралы. 
У.Қалижан биыл 70 жасқа толды. Мерейтой қарсаңында авторлар белгілі журналистің еңбектерін тізбелей келе, мынадай естелік айтады: 
"...Уәлихан Қалижанов «Ле­ниншіл жас» газетіне сая­саттың күйіп тұрған шағында келеді. 1986 жылдың 16 жел­тоқсаны күні БЛКЖО Орталық Комитетінің бюросы оны осы газеттің бас ре­дак­торы қызметіне қоюға келі­сімін береді. Желтоқсан көте­рі­лісінің қаһарлы күндерінен кейін газеттегі қым-қуыт шаруаға ара­ласып кетеді.
Уәлихан Қалижановтың бас редактор болған тұсы қайта құру мен жариялылық кезеңі деп атал­ды. Газетте «Қайта құру қаһар­мандары», «Бетбұрыс баспал­дақтары», «Жариялылық және жаңалық» деген айдарлар ашы­лып, қоғамның келешегі туралы қызу пікірталастарға кеңінен орын берілді. «Лениншіл жас» жұрттың өз ойын еркін айтатын мәртебелі мінберіне айналды.
Осы газетте істеген жылдар оның ұйымдастырушылық қабі­летін ашып қана қоймай, ұлт үшін аянбай қызмет етуге дайын басшы, саясаткер екенін танытты. Мысалы, Ақселеу Сейдімбек, Шона Смаханұлы сынды ұлтшыл азаматтарды айыптаған «Тат» ма­қаласын жариялаудан бас тартты. Ақын Есенғали Раушановтың бір топ өлеңдерін сол күндері газетіне бастырады. Ішінде атышулы «Қа­рабауыр қасқалдақ» деген өлеңі бар еді.
Наурыздың қайта жаңғыруы­на да «Лениншіл жас» газетінде жүргенде ол көп еңбек сіңірді. Наурыз мейрамының дінге қа­тысы жоқ, ертеден қалған мейрам екенін дәлелдеді. Соның арқа­сында Наурыз қайтып келді.
Санадағы сілкініс журна­листикаға да әсер етпей қойған жоқ. Өткір публицистика әңгіме-повестерді ығыстырып, бірінші орынға шықты. Осындай кезде «Лениншіл жасты» құрыл­тайшының рұқсатынсыз бір-ақ күнде «Жас Алашқа» ауыстыру мүмкіндігі туды. Бұл, әрине, Уәли­хан Қалижановтың қазақ баспасөзінің тарихында өз орнын талассыз айғақтайтын ерлігі болды. Сондықтан да «Жас Алаш» газетін Уәлихан Қалижановтың төл газеті деп атауға болады. Сөйтіп, тарихта «Жас Алаш» де­ген атты қайтару оның өз пеше­несіне жазылды." 
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: