Mazir
27 ноя 09:43korilim:303 Adebiet

Тауман Амандосовтың туғанына 100 жыл толуына орай салтанатты шара өтті

26 қараша күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде журналист, ұстаз, ғалым Тауман Амандосовтың  туғанына 100 жыл толуына  арналған салтанатты шара өтті.

Салтанатты шара ректорат фойесіндегі Т. Амандосов шығармашылығына арналған кітап  көрмесі және «Өмірінен үзік сырлар» атты фотокөрмемен таныстырудан басталды. Кейін бұл шара Т. Амандосовтың  туғанына 100 жыл толуына арналған  «Журналистика, баспа ісі, медиадизайн: «бүгінгі тренд және даму тенденциясы» атты офлайн және онлайн халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға ұласты. 

                                                                  Фото: kaznu.kz
Жоғары деңгейде өткен шараға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры,   ф..ғ.д, профессор Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев қатысты. Конференцияның модераторы қызметін журналистика факультетінің деканы, ф.ғ.к., доцент Сансызбай Мәдиев атқарды. 

Конференцияға жазушы, кинодраматург, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» орденінің иегері Смағұл Елубаев, филология ғылымдарының докторы, профессор Намазалы Омашев, әдебиеттанушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Өмірхан Әбдиманұлы, журналист Қайнар Олжай т.б Амандовтың еңбек жолын білетін азаматтар қатысып, сөз сөйледі. Амандосовтың білімін, ізденісін, табандылығы мен талатын тілге тиек етіп, жастарға өнеге болар тұлға екенін жеткізді. 


Осыған орай «Амандосов байқауы» өтті. Байқауға магистранттар мен студенттер «Үздік ғылыми жұмыс, үздік баспасөз жарияланымы, үздік ғаламтор жарияланымы, үздік мультимедиалық жоба,  дизайн өнерінің үздік туындысы» номинациялары бойынша өз жұмыстарын өткізді. Қазылар алқасының төрағасы, демеушілер  - Т.М. Көпбаев – 200 мың теңге, ф.ғ.к., доцент, «Қазығұрт» баспасының директоры, А.Б. Халбеков, Алматы қаласының Мәдениет бөлімі – 300 мың теңге, Егембердиев Ысқақ Дүйсембайұлы, Атырау әкімдігі – 100 мың теңге.

Амандосов еңбектері – қазақ журналистикасының теория негіздері болып табылады. Журналистикаға келген әр жастың ең әуелі «Амандосовпен амандасып» алғаны артық етпейді. Амандосов еңбектері кенді тау десек, сол кеннен кім нені қортқысы келеді өз қалауы. 

Негізгі ұйымдастыру алқасының толық құрамы мынадай: 

Төраға: Рамазанов Т.С., физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі проректоры.

Төрағаның орынбасары: Мәдиев С.Ш., филология ғылымдарының кандидаты, журналистика факультетінің деканы.

Мүшелері: Рамазан А.Ә., «Баспагерлік, редакторлық және дизайнерлік өнер» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, доцент; Сләмғажы А. «Баспагерлік, редакторлық және дизайнерлік өнер» кафедрасының меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары.  

Авторы: Нұрбек Қошкелген 

Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз:
Janalyqtar toptamasy
Қазақстан «сары» аймаққа өтсе Үкімет тарапынан қандай шаралар қолға алынады14:58Жеке куәлік алудың жаңа тәртібі енгізілмек15:48Тоқаев Бердымухамедовты «Алтын қыран» орденімен марапаттады15:43Сенат ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және цифрландыру туралы Заң қабылдады16:37Қазақстан АЭС салуда Оңстүтік Корея тәжірибесін пайдалануы мүмкін16:28Алтайдың Қатонында халықаралық айтыс15:3130 маусымда Парламент қос палатасының бірлескен отырысы өтеді09:48Шабдарбаев: Алтынбектің ісін Назарбаев тоқтатты13:29Қазақ – қай елде де тілімен қазақ...09:27Ермұрат Бапи Рысқалиевтың Назарбаевқа қатысты компроматты қалай пайдаланғанын айтты08:29Ерлан Қошанов әйелдердің зейнет жасын түсіруге байланысты пікір білдірді12:15Тоқаев РФ ұсынған жоғары дәрежелі орденнен бас тартты12:07Тоқаев Татарстан президентімен кездесті12:14Тоғжанов Қазақстандағы су мәселесі қалай шешілетінін айтты11:50Біздің билік Жұмекенді білмейді-ау10:12