Қазақстан жыл сайын бауырлас Тәжікстанға гуманитарлық көмек жіберіп отырады. 2006 жылдан бері көрсеткен көмектің жалпы құны – 38 миллион доллар.
Қазақстан үкіметі Тәжікстанға гуманитарлық көмек ретінде 5 мың тонна ұн жіберді. Ұнның сертификатын Душанбедегі қазақстандық елші Асқар Тәжібаев тәжік үкіметіне тапсырды.
Тәжікстан үкіметінің мемлекеттік материалдық резерв агенттігінің директорының орынбасары Сохибджон Зиедуллоев Қазақстанның көрсеткен көмегін жоғары бағалайтынын айтты.
Басу