Mazir
22 июл 14:33korilim:2 083 Ekonomika

МЖӘ тетігі бюджетке жүктемені шектеуге бағытталған — А. Көбетов

НҰР-СҰЛТАН.  BAIRAQ.KZ -  ҚР Үкіметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР ҰЭМ «Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айдос Көбетов Қазақстанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін жетілдіру туралы айтып берді деп хабарлайды bairaq.kz тілшісі ҚР Үкіметінің алаңында өткен баспасөз конференциясына сілтеме жасап.
А. Көбетов 2014 жылға дейін Қазақстанда бар болғаны үш ірі МЖӘ жобасы болғанын айтты, олар: «Шар — Өскемен» автожолы, Ақтаудағы халықаралық әуежай және Солтүстік Қазақстан электр желісі.
«2011 жылдан бастап біз ҚР ҰЭМ бірлесіп инвесторларды тарту тетіктерін кезең-кезеңімен енгізе бастадық. Біріншіден, бұл барлық облыстарды кеңейту жұмыстары болды. Бұған дейін тек әлеуметтік жобалар мен тіршілікті қамтамасыз ету жобалары іске асырылды. Одан кейін спектр кеңейтілді», — деді А. Көбетов.
2015 жылы МЖӘ туралы заң қабылданғаннан кейін «Жеке қаржылық бастама» тетігі пайда болды. Бүгінде қол қойылған 565 келісімшарттың 290-ы осы тетікке қатысты.
ҮАААЖ жобасын іске асыру аясында ерекше маңызды жобалар бойынша валюталық тәуекелді қабылдау, халықаралық арбитраж, жеке серіктес, мемлекеттік серіктес және қаржыландыру институты арасында келісімшарт жасауға мүмкіндік беретін тікелей келісім секілді негізгі өзгерістер енгізілді.
«Егер бөліністі алып қарайтын болсақ, 907 млрд теңге сомасына 9 республикалық МЖӘ жобасы және 400 млрд теңге сомасына 556 жергілікті жоба. Олар бойынша шығындарды өтеуге 1,1 трлн тг жұмсалады. Инвестициялар тарту – шамамен 900 млрд тг. Шамамен 1:1», — деді ҚР ҰЭМ «Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
Сонымен бірге, ол бастапқыда инвесторларды мемлекеттің жауапты бағыттарына тарту міндеті тұрғанын атап өтті. Сондықтан да, инвесторлар үшін аса тартымды емес жобалар болды. Кез-келген мемлекеттегідей, Қазақстан қаржы салатын инвесторлар үшін қайтарымдылыққа кепілдік беріп, тәуекелдерді барынша азайтуды қамтамасыз етуі тиіс еді.
«Осы қабылданған міндеттемелердің арқасында жобалардың саны осыншалықты болды. Бірақ осы жылдың басынан бастап ҚР ҰЭМ саннан сапаға көшуді бастады, жобаларды үш санатқа бөлді», — деді А. Көбетов.
Басу
buy besivance eye drops - sildamax order cheap sildamax online

Feel the heartbeat rise in chicken road casino — one more step could mean a fortune! Hidden dangers lurk, but smart players cash out at peak multipliers. Fast, fair, and fiercely exciting!

FanDuel Casino is America's #1 online casino, delivering unhesitating thrills with ignition casino mobile , exclusive slots like Huff N' Puff, and actual affairs action sort out at your fingertips. Mod players make 500 Largesse Spins supplementary $40 in Casino Tip decent suited for depositing $10—bonus up to $1,000 back on first-day screen losses. Calling all Thrillionaires: accompany for the nonce, operate your style, and upon every blink into epic wins!

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: