Mazir
23 ноя 12:26korilim:1 396 Ekonomika

42 500 теңге беріледі: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпаратқа байланысты түсініктеме берді


Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта 42 500 теңге әлеуметтік төлем тағайындалмаған.

«Телеграмма бот i42500enbekkz_Bot арқылы белгісіз біреулер азаматтарға өздерінің ЖСН мен ұялы телефон нөмірлерін жіберуді сұрап, сол арқылы әлеуметтік төлемдер жіберуді ұсынады. Бұл жалған ақпарат», - деп хабарлады еңбек министрлігінің баспасөз қызметі.

Телеграмм-боттар мен басқа сілтемелерге жіберілген барлық хабарламалар жалған болып табылады. Тіркеу кезінде алаяқтар жеке мәліметтер мен ЭСҚ-ға қол жеткізе алады. ЭСҚ-ны бейтаныс адамдарға, тіпті мемлекеттік қызметкерлерге ешқашан жібермеңіз! Расталмаған ақпарат көздеріне сенбеңіз! - деп хабарлады департамент.

Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: