Mazir
11 фев 12:45korilim:559 Ekonomika

Сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер анықталды


ІІМ сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді атады. Бүгінде ішкі істер органдары көрсететін 40 қызметтің 38-і (95 пайыз) автоматтандырылған. 2020 жылы ішкі істер органдары 8 миллион 937 мың мемлекеттік қызмет көрсеткен. 

Оның ішінде 8,5 миллионнан астам қызметті азаматтар egov.kz порталы арқылы, сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталықтарында электрон түрде алды, тек полиция бөлімшелеріне жүгінген кезде ғана 387,5 мың қызмет қағаз түрінде көрсетілген.

"Бүгінде біздің барлық әрекетіміз мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған. Ең бастысы, адамдар оларды үйден немесе кеңседен шықпай-ақ тез және ешқандай әуреге түспей ала алады. Сонымен қатар, шешім қабылдаудың әрбір кезеңінде уақытылы және объективті орындалуын қадағалау керек", - деп атап өтті ведомство басшысы.

Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: