Mazir
17 июн 11:50korilim:81 Ekonomika

Тоғжанов Қазақстандағы су мәселесі қалай шешілетінін айтты


Елдегі су ресурстарын пайдалануды реттейтін заңнама халықаралық құқық принциптеріне сәйкестендіріледі. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты. 
Парламенттік тыңдауда су рерсурстарын дамытудың келешегі туралы баяндама жасаған вице-премьер жаңа Су кодексінде қандай негізгі бағыттар редакцияға ұшырайтынын айтты. 
«Су кодексінің жаңа редакциядағы негізгі бағыттары: 
Бірінші. Елдің су-ресурстық әлеуетін сақтау. 
Екінші. Су пайдаланушыларды су үнемдеу технологияларын пайдалануға ынталандыратын тетіктерді айқындау. 
Үшінші. Мониторингті цифрландыру, Қазақстанның су ресурстары әлеуетін есепке алу және болжау, сондай-ақ су ресурстарын басқарудағы ғылымның рөлін арттыру. 
Төртінші. Ұлттық заңнаманы халықаралық құқық принциптерімен үйлестіру», - деді Ералы Тоғжанов. 

Оның сөзіне қарағанда, жаңа Су кодексінің және ілеспе заң жобасының тұжырымдамалары әзірленген. Енді заң жобаларының тараулары мен баптары дайындалып жатыр. 
«Кодекс жобасы қыркүйекте Президент Әкімшілігіне, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Парламент Мәжілісіне енгізіледі», - деді Үкімет басшысының орынбасары. 
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың мәліметі бойынша, 2040 жылға қарай Қазақстанда су тұтыну 46 пайызға артады.
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз:
Janalyqtar toptamasy
Қазақстан «сары» аймаққа өтсе Үкімет тарапынан қандай шаралар қолға алынады14:58Жеке куәлік алудың жаңа тәртібі енгізілмек15:48Тоқаев Бердымухамедовты «Алтын қыран» орденімен марапаттады15:43Сенат ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және цифрландыру туралы Заң қабылдады16:37Қазақстан АЭС салуда Оңстүтік Корея тәжірибесін пайдалануы мүмкін16:28Алтайдың Қатонында халықаралық айтыс15:3130 маусымда Парламент қос палатасының бірлескен отырысы өтеді09:48Шабдарбаев: Алтынбектің ісін Назарбаев тоқтатты13:29Қазақ – қай елде де тілімен қазақ...09:27Ермұрат Бапи Рысқалиевтың Назарбаевқа қатысты компроматты қалай пайдаланғанын айтты08:29Ерлан Қошанов әйелдердің зейнет жасын түсіруге байланысты пікір білдірді12:15Тоқаев РФ ұсынған жоғары дәрежелі орденнен бас тартты12:07Тоқаев Татарстан президентімен кездесті12:14Тоғжанов Қазақстандағы су мәселесі қалай шешілетінін айтты11:50Біздің билік Жұмекенді білмейді-ау10:12